Думан Бейбітханұлы - "Пай, пай, Өмір!" [2023]
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі
Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні,
Тиясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні.
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз, пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.
Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні
Өмір деген бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде,
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні.
Мына күнде, мына аспанда далам ау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау.
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір деген өлемін деп қарамау.
Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні.
Смотрите видео Думан Бейбітханұлы - "Пай, пай, Өмір!" онлайн, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве, которое загружено на канал Jupanhan Qyrqynbaiuly 07 Март 2023. Делитесь ссылкой на видео в социальных сетях, чтобы ваши подписчики и друзья так же посмотрели это видео. Данный видеоклип посмотрели 8,268 раз и оно понравилось 83 посетителям.