Құран тәпсірі. 13. «Әл бақара» сүресінің 35-39 аяттарының тәпсірі - Ерсін Әміре

Published: 28 February 2015
on channel: Azan_ru – Иман, Ислам, Ихсан
4,944
130

Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың адамзатқа басшылық етіп жіберген Қасиетті Құранның әр-бір мұсылман адамның өмірінде ерекше орын алатындығы айдан анық. Теңдесі жоқ ұйқастығымен бойды баурап алатын Сөздерді оқыған кездегі сезім неткен ғажап болса, сол Сөздерге салынған терең мағынаны ұғына отыру – күмәнсіз, Аллаға жақындауды қалағандар үшін иманының артып, шыңдалуына бірден бір себеп болмақ.

Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген.

Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.

Ұсынылып отырған жоба еліміздің баршама мұсылман қауымы үшін маңызды білім қайнары болатынын сезіне отырып, оны іске асыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп, ойымыз еліміздегі және шет мемлекеттегі мұсылман бауырларымыздан қолдау тапты.


Watch video Құран тәпсірі. 13. «Әл бақара» сүресінің 35-39 аяттарының тәпсірі - Ерсін Әміре online, duration hours minute second in high quality that is uploaded to the channel Azan_ru – Иман, Ислам, Ихсан 28 February 2015. Share the link to the video on social media so that your subscribers and friends will also watch this video. This video clip has been viewed 4,944 times and liked it 130 visitors.