Қорабай Есенов - "Жылжиды аққу" ("Жалғыз аққу")
Сөзі Кәкімбек Салықовтікі; Әні Жағыппар Әлімхановтікі
Аудионұсқадан видеоформатқа көшіріліп, өңделген ән; 2017ж.
Жылжиды аққу айдында, жылжымайды,
Мұңаяды ол неге, тұнжырайды.
Сыңсып салған әніне тебіреніп,
Қамыс басы қамығып, су жылайды.
Су жылайды, тұнжырайды,
Жылжиды аққу айдында, жылжымайды.
Қалқиды аққу айдында, қалқымайды,
Баяғыдай бой жазып шалқымайды.
Сыңарынан айырылып қалған күні,
Бұл өмірдің қызығы жартылайды.
Жартылайды, шалқымайды,
Қалқиды аққу айдында қалқымайды.
Сырғиды аққу айдында, сырғымайды,
Жақын барып, хәл-жәйін кім сұрайды.
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте біреу кеш бір құлайды.
Бір құлайды кім сұрайды,
Сырғиды аққу айдында сырғымайды.
Watch video Қорабай Есенов - "Жылжиды аққу" ("Жалғыз аққу") online, duration hours minute second in high quality that is uploaded to the channel Jupanhan Qyrqynbaiuly 13 February 2019. Share the link to the video on social media so that your subscribers and friends will also watch this video. This video clip has been viewed 6,964 times and liked it 64 visitors.