Аталған дәрістер 21-ші сабақтан басталады және өткен тақырыптардың аудио жазбалары реттік саны бойынша алдыңғы тақырыптарға қосылып отырады.
Ұстаз – Ерсін Әміре Абу Юсуф.
Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген.
Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.
Watch video Ихъя улюмиддин. 22. Атақ құмарлық дерті 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф online, duration hours minute second in high quality that is uploaded to the channel Azan_ru – Иман, Ислам, Ихсан 20 October 2014. Share the link to the video on social media so that your subscribers and friends will also watch this video. This video clip has been viewed 10,188 times and liked it 240 visitors.