Бұл фильм ХIX ғасырда өмір сүрген ақын, сазгер Ақан Серінің өмірі, адами болмысы, тұлпары Құлагердің тағдыры турасында түсірілген.
Құлагер – қазақ даласына танымал тұлпар. Оқиға желісі өмірден алынған. Қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың дәл осы аттас поэмасы бар.
Фильмнің поэтикалық құрылымы поэмадан негіз алады. Фильмде қазақтың сайын даласында бүкіл ел сыйлаған Сағынайдың асы суреттеледі. Бәйгеге Ақан Сері де өзінің бапталған сәйгүлігін қосып, мылқау баласына тізгін береді. Алайда Құлагерге Батыраштартың балтасы сілтеніп, мәреге жете алмай жығылады[1].
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жылы: 1972
Режиссері: Болат Мансұров
Сценарий авторлары: Болат Мансұров, Асқар Сүлейменов
Операторы: Виктор Осенников
Суретші: Сахи Романов (Р. Сахи)
Композиторы: Нургиса Тлендиев
Дыбыс операторы: Кадыр Кусаев
Рөлдерде: Қарғамбай Сатаев
Кененбай Қожабеков
Бәйтен Омаров
Шахан Мусин
Әлішер Сүлейменов
Әбдужәлел Бөрібаев
Динара Тілендиева
Атайбек Жолымбетов
Қанабек Байсейітов
Watch video «Құлагер» к/ф (реж. Болат Мансуров, 1972 ж.) online, duration hours minute second in high quality that is uploaded to the channel Qazaqfilm / Казахфильм 18 March 2020. Share the link to the video on social media so that your subscribers and friends will also watch this video. This video clip has been viewed 463,996 times and liked it 4.6 thousand visitors.